jasqazaq.kz

Маңғыстау облысындағы кен орнында мұнай бұрқағы атқылады

23 маусым 2020, 15:03

12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен бұрқақты мұнай ағыны (мұнайдың үлес салмағы – 0,82-0,85 г/см3) тарихи деректерді кешенді геологиялық — геофизикалық зерттеу, бассейндік үлгілеу, жоғары технологиялық сейсмобарлау жұмыстарының және Шығыс Бектұрлы-1 іздестіру барлау ұңғымасының оңтайлы орналасуы нәтижесінде орта юра дәуірі қабатынан алынды. Бұдан бөлек, мұнай (үлес салмағы – 0,82 г/см3) алдыңғы сынақ нысандарынан орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларын іріктеу жолымен алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта мұнай-газ көкжиегінің ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында ұңғымада кәсіпшілік геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жалғасуда. Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Өзен- Қарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да қолданыстағы мұнай-газ кен орындарына жақын маңда орналасқан. Шығыс Бектұрлы учаскесінде жоба операторы болып «Becturly Energy Operating» ЖШС табылады – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%) және «Көкел Мұнай» ЖШС (50%) бірлесіп бақылайтын ұйым. ҚМГ жаңа кен орындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн.

Яғни, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындары серіктес ұйымға жүктеледі. Геологиялық барлау жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі