jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында үш бала мен анасы газдан уланып, көз жұмды

14 ақпан 2020, 10:28

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы қаза болды, отағасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға кеше, 13 ақпан күні Астана-2 көшесіндегі үйде болған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-жәрдем қызметіне хабарлама сағат 17.42-де түскен. «Оқиға орнына 3 жедел-жәрдем бригадасы жіберілді. Оларға «газдан улану» диагнозы қойылды. Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел-жәрдем қызметі барғанда олар көз жұмғаны анықталды», — делінген ақпаратта. 43 жастағы отағасы мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген. «Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір ауыр халде. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты», — деді Денсаулық сақтау басқармасынан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия