jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғып тұр

13 сәуiр 2022, 17:11

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерден жолға шықпауды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инспекторлар жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдық режимін асырмауды сұрайды. Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 13 сәуірде өңірде шаңды дауыл болатынын ескерткен еді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке, күндіз кей жерлерде 23 м/с-ке жетеді. Құтқарушылар қатты жел қаупі кезінде балкондар мен лоджияларды тексеріп қоюға, барлық жеңіл және үлкен заттарды байлап немесе бөлмеге кіргізуге кеңес береді. Сонымен қатар жеңіл көліктерді ағаштардың астына қоймауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде