jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында сәбиге «қауіпті» массаж жасаған әйелдің видеосы талқыланып жатыр (Видео)

03 маусым 2021, 17:15

Кішкентай сәбиге «қауіпті» массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысында резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Видео кадрларынан медициналық халат кимеген және маска тақпаған әйел балаға массаж жасап жатқаны көрінеді. Массаж барысында сәбидің шыңғырып жылағаны естіледі. Әйел салмағын салып баланың ішінен қатты басады және оның аяқ-қолын созады. Сонымен қатар, баланы мойнынан ұстап сілкиді.

Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көруге болмайы!

Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеру жасаған.

«Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр», — деді полиция өкілі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық