jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында мұнайшылар наразылыққа шықты

27 мамыр 2021, 21:49

Маңғыстау облысында мұнайшылар наразылыққа шықты. «Мұнайтелеком» компаниясына қызмет көрсететін серіктестік жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— «Қаламқас»кен орны «Мұнайтелеком» аутстаффинг. Айлық көтеруін талап етеміз! Заңда бар зат…

Жетібай, Жаңаөзен, Қаламқас кен орнында жұмыс істейтін «Мұнайтелеком» серіктестігінің 100-ден аса қызметкері екі күннен бері жұмысын тоқтатып тастады. «Жалақы көбейтілмесе, қимылдамаймыз» деп отыр.

«Мұнайтелеком»компаниясында штатта жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлер 500 мың теңге жалақы алады екен. «Ал дәл сондай жұмыс істейтін бізге небәрі 120 мың теңге төленеді» — дейді. Тіпті сәуір айында компания басшылығы айлықты көтермеу үшін қитұрлық жасап слесарь, инженер мамандықтарының атауын жөндеуші,реттеуші қылып өзгертіп жіберген көрінеді. «Наразылық білдірсеңдер, жұмыстан шығарамыз» деп қорқытыпты. Ал еңбек инспекциясы жағдайды толық зерттеу үшін жұмысшылардың арызы қажет деп отыр.

Мерей Мәжитов, Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

— Еңбек инспекторлары «Қаламқас» кен орнына барып ҚР Еңбек кодексінің заң талаптарына сай түсіндіру жүргізді. Талаптарды орындау мақстатында арыз жазу керек екені түсіндірілді. Егер арыз жазылса, мәселе заң аясында біздің басқармамен қаралады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде