
Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары үйдегі малдарының қырылып қалғанын айтып, шағымданды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір түнде жеті қой мен қозы қырылып қалған.
«Бұл жағдай отбасымызды есеңгіретіп тастады. Таңертең олар шала-жансар жатты. Полицияны, жергілікті әкімдіктің қызметкерлерін, мал дәрігерлерін шақырттық. Келді, көрді, кетіп қалды. Өлген малдарға тиіспеңдер, сараптама жасаймыз деді. Менің ойымша, жануарлар қаңғыбас иттердің шабуылынан өлді», — деді ауыл тұрғыны Сағынғали. Порталдың хабарлауынша, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Жәнібек Еркебұлан бұл жайтқа қатысты түсінікті кейінірек беретінін айтқан.
https://youtu.be/lLGAq-5fvjg
Айта кетейік, өткен аптада бұл ауылдағы үй жануарларына тағы да шабуыл жасалған. Ол кезде шамамен 25 мал өліпті. Әкімнің орынбасары малдарды қаңғыбас иттердің талағанын айқан.