jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында бір адам газдан уланды

06 сәуiр 2021, 17:23

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының тұрғыны газдан уланды.

Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Жетібай ауылының 66 жастағы тұрғынының газдан уланғаны туралы хабарлама, 6 сәуір күні сағат 09:15-те келіп түсті. Оқиға орнына газ саласы қызметінен басқа төтенше жағдайлар бөлімінің, полиция қызметкерлері, Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері келді. Зардап шеккен азаматша ауруханаға жатқызылды. «Оқиға орнында авариялық бригада зардап шегушінің уақытша сарайда тұрып, үй-жайды жылыту үшін газ плитасының пешін қосқанын анықтады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, сарайда жылыту жабдықтары мен қазандық орнатылмағандықтан адам уланған. Бұл учаскеде техникалық қызмет көрсету 2021 жылдың ақпан айында жүргізілді»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия