jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

23 тамыз 2019, 15:03

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Маңғыстау ауылының әкімі Қалқатай Өтемұратовқа, оның орынбасары Бекболат Қасымовқа және «Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Көбегеновқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды «Лада».

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») кінәлі болып танылды. Қалқатай Өтемұратов 3 жыл алты айға, Бекболат Қасымов — 3 жылға және Азамат Көбегенов — 4 жылға сотталды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті атқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. «Олар сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде апелляцияға бере алады», — деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде