jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында 7 жасар қызды зорлаған адам ұсталды

01 қараша 2019, 11:59

Маңғыстау облысында жеткіншек қыз зорланды. Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге кентінде тал түсте 7 жасар қызға азғындық жасалды. Дерек бойынша 1970 жылы туған ауыл тұрғыны күдікті деп танылды.

Қазір ол уақытша қамау абақтысында. Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері Жаңаөзенде бұдан өзге зорлау дерегі бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. Былтыр да бір оқиға орын алған еді. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын жіті қадағалауға шықырып отыр. Айта кетейік, Маңғыстау облысында соңғы 5 жылда 44 педофил сотталған.

Нұрлан Таңатаров, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы басшысының тергеу жөніндегі орынбасары:

— Осындай қылмысқа ұқсас факті өткен аптада Ақтау қаласында болды. Күдікті қала ішінде орнатылған бейнекамераның көмегімен анықталып ұсталды. Алдағы уақытта осындай адамға тән емес ауыр қылмыстарды немесе басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала тұрғындарынан жасөспірім балаларын көшеге шыққанда, мектепке барғанда үнемі қадағалап, оларды қоғамдық жерлерде немесе көшеде жалғыз қалдырмауыңызды сұраймын.

Талдықорғанда араққа тойып алған бұзақы көшедегі адамға оқ атқан. Оқыс оқиға қаладағы дәмханалардың бірінің қасында болған. Шұғыл түскен қоңырау бойынша атыс болған жерге полиция басқармасының батыс бөлімшесінен арнайы жасақ жетеді. Жарақат алған 45 жастағы қала тұрғыны дереу ауруханаға жеткізілген. Травматикалық тапаншамен атқан адамның сол маңдағы көпқабатты тұрғынүйлердің бірінде тұратындығы анықталды. Ол оқиға кезінде мас болған.

Жандос Нүсіпбеков, қалалық полиция басқармасының тергеушісі:

— Жедел іс шара барысында газдық травматикалық тапаншамен адамның бет жағы бөлігіне оқ ату күдігімен 45 жастағы Талдықорған қаласының азаматы құрықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы, 3-тармағы, 2-бөлігі бйоынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда көпірден секірмек болған әйелді сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші құтқарып қалды. Оқиға кешкісін сағат 17.30 шамасында болған. Қала тұрғыны көлігінен түсе сала биіктен секіруге бекініп жатқан әйелге жүгірген. Мойнынан ұстаған күйі кері сүйреп, жерге түсіреді. Ол санаулы секунд кешіккенінде әйелдің секіріп кетуі мүмкін еді. Кейін белгілі болғанындай 30 жастағы келіншектің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екен. Ол сол сәтте мас болған. Құтқарған адам әйелді полиция бөлімшесіне әкеп тапсырды. Қазір тәртіп сақшылары 3 баланың анасын ажалдан алып қалған қала тұрғынын марапаттау үшін бұйрық дайындауда. Департаментінің қызметкерлері жедел жетеді. 3-қабатқа көтеріліп, балаларды терезеден көтеріп алады. Полиция қызметкерлерін шақырады. Ата-аналарын тапқанға дейін тәртіп сақшылары балалармен бірге болды. Қазір балалардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Дереккөзі: «Хабар 24»

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық