jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

12 қазан 2020, 17:13

Маңғыстау облысында 11 қазан күнгі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясымен стационарда жатқан науқастардың саны – 57. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қоғамдық коммуникация орталығының ақпаратына сәйкес, 57 науқастың 49-ы ауруханаға – коронавирустық пневмония, 8-і COVID-19 диагнозымен жатқызылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның ішінде 3-еуі – ауыр, 2-еуі – өте ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайы тыныс алудың жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардан өршіген.

Айта кетейік, облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43-ке дейін көбейтілді.

Коронавирустың жоқтығын растайтын анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 100, Қарақия ауданында – 10, Бейнеу ауданында 10 төсек-орынды карантиндік стационарлар ашылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде