jasqazaq.kz

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

06 қараша 2018, 10:52


Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Соттағылардың айтуынша, күдікті екі айға қамауға алынған. «Ақтау қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Тергеу департаментінің Аманғалиев Серік Қалешұлына қатысты екі айға қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды», — деп хабарлады соттағылар. Соттағылардың айтуынша, Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы аса ірі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері 2018 жылдың 3 қарашасында сағат 18.40-та Ақтау халықаралық әуежайында Аманғалиевті ұстады, оның 115 мың еуро сомасында қаражаты тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді