jasqazaq.kz

Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды

08 наурыз 2021, 16:35

Кеше Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде өрт шықты. Оқыс оқиға шамамен 23 сағат 30 минутта болған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

«Бұл өртті сөндірушілер келгенге дейін аурухана қызметкерлері өшіруге тырысқан. Оқиға барысында медицина қызметкерлері мен пациенттердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Науқастарды басқа блоктарға ауыстыру жоспарланып отырған жоқ», — делінген Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміндегі өртті сөндіріп, іштегі науқастарды сыртқа шығаруға көмектескен

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия