jasqazaq.kz

«Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» ойыны өтпей қалды

03 мамыр 2021, 11:02

Ағылшын футбол клубтары – «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» арасындағы жоспарланған матч болмай қалды. Оған Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионына 200-ге жуық жанкүйер басып кіріп, клуб иелері – америкалық Глейзер отбасына наразылығын білдіруі себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Матч 2 мамыр, жексенбі күні британиялық уақыт бойынша сағат 16:30 басталуы керек еді. Матчтың ендігі өтетін күні әлі анықталмады. Клубтар арасында келіссөздер жүреді. Англия Премьер-лигасының өкілі матчтың кейінге ауыстырылуын «полицияның, екі клубтың және Премьер-Лиганың бірлескен шешімі» болды деп мәлімдеді. Бұл Премьер-лига матчының алғаш рет болмай қалуы. Өткен айда «Манчестер Юнайтед» иелері Еуропалық Супер лигаға қосылуға тырысты, алайда жанкүйерлердің жаппай наразылығынан кейін олар бұл ойдан бас тартты. Карантин шектеулерін қатаң сақтап, МЮ пен Ливерпуль ойыны да бос стадионда өтуі керек еді. Алайда жүздеген жанкүйер алаңға кіріп кеткен. Полиция оларды қуып жіберді, бірақ арада аздаған уақыт өткенде олардың кейбіреулері алаңға қайта жүгіріп шыққан. «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» ойыншылары тәртіпсіздік басталған кезде стадионға қонақ үйлерінен әлі шығып үлгермеген. «Біздің ұстанымымыз – ойынды өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдаған кезде қоғамдық қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Стадионның қатысушылары да, қызметкерлері де, басқа да ресми тұлғалар толық қауіпсіздікте болуы керек. Өкінішке орай, оған кепілдік беру мүмкін болмады», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия