jasqazaq.kz

«Манчестер Сити» Месси үшін 200 млн еуро беруге дайын

27 тамыз 2020, 14:52

«Манчестер Сити» каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу үшін ұсыныс дайындап жатыр, деп хабарлайды тілші Танкреди Палмери.

Журналистің ақпараты бойынша, ағылшындық команданың басшылары аргентиналық футболшының трансферіне 200 миллион дайындап отыр. Осыған дейін «Барселонаның» Месси үшін 700 миллион еуро сұрамайтыны белгілі болды. Бірақ каталониялық клуб басшылары бұл әлемдегі ең қымбат трансфер болғанын қалап отыр. Клуб шабуылшыны 223 миллионға сатуға дайын. Осылайша олар Неймардың рекордын жаңартқысы келеді. Естеріңізде болса, «Барселона» Неймарды ПСЖ командасына 222 миллион еуроға сатқан болатын. 25 тамыз күні Месси клуб басшыларына командадан кететіні туралы хабарлаған. Ол келісімшартты біржақты бұзбақшы. «Манчестер Сити» командасынан бөлек Мессиді италиялық «Интер» мен «Ювентус», сонымен қатар ПСЖ және ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командалары сатып алуды көздейтіні мәлім болған. Бірақ ПСЖ өз ұсыныс қайтарып алды. Капитанның өзі ФИФА ұйымынан трансфер туралы сертификатқа өтініш беріп қойған.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия