jasqazaq.kz

«Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

13 шiлде 2020, 17:06

Спорт саласындағы арбитраж соты «Манчестер Сити» футбол клубының апелляциясын қанағаттандырып, еурокубоктарға қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды euronews.

Ағылшын клубы УЕФА шешіміне шағым білдірген еді. Еске салсақ, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін команда биылғы ақпанда екі жылға еурокубоктардан шеттетілген болатын.

«Манчестер Сити» бүгінгі шешімді қолдайды және осы арқылы клубтың ұстанымы мен біз ұсынған дәлелдер расталды деп санаймыз. Клуб процедураны тиісті тәртіппен жүргізген әрі еңбек еткен комиссия мүшелеріне алғыс айтады», — делінген футбол командасының ресми мәлімдемесінде.

CAS шешімінен кейін «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасына қатыса алады. Қазір клуб Ағылшын премьер-лигасында екінші орында келеді (үшінші орындағы «Челсиден» 12 ұпайы артық).

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия