jasqazaq.kz

МӘМС қоры мен «СҚ-Фармация» басшылары қызметінен кетті

11 шiлде 2020, 10:21

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов берілген өтініштер негізінде қызметінен босатылды.

Айбатыр Жұмағұлов 2019 жылдың наурызында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайланған еді. Әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-да жұмыс істеді, Baur Kazakhstan компаниялар тобының директорлар Кеңесінде болды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2017 жылғы қаңтардан бастап Жұмағұлов ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.

Берік Шәріп «СК-Фармация» басқармасының төрағасы қызметіне биылғы 21 сәуірде келген.

Берік Шәріп 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әр жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Астана және Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменттерінде әртүрлі позицияларды атқарды.

2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында басқарманың сарапшысы, бас сарапшысы.

2009-2012 жылдары — Департаменттің бас заңгері, Департаменттің бас менеджері, бөлім бастығы, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарушы директоры.

2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін — «Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.

2017-2018 жылдары — денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары, орынбасары.

2018 жылғы мамырдан бастап — «СҚ Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары — Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия