jasqazaq.kz

Мамандандырылған ХҚКО-лар жүргізуші куәліктерін заңсыз беріп келген

02 қараша 2021, 11:07

Қостанай және Ақмола облыстарында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің теориялық емтихандарын бұрмалап өткізіп келген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізуші куәлігінен үмітті азаматтардың орнына емтиханды арнайы дайындалған тұлғалар тапсырып отырған. Мысалы, Ақмола облысында арнайы дайындалған адамдар емтихан компьютерлеріне қашықтан қол жеткізіп, бөгде азамттардың орнына дұрыс жауабын белгілеп отырған. Ал Қостанай облысында арнайы дайындалған адамдар медициналық маска мен бас киімнің көмегімен бет әлпетін тұмшалау арқылы өзге азаматтардың орнына кіріп келген. Тергеу барысында 1 мыңнан астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері тексеріліп, емтиханнан сәтті өткені туралы берілген жалған анықтамалар қайтарылды», — деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, осындай жалған құжат арқылы жүргізуші куәлігін алған қостанайлық азамат наурыз айында жол ережесін өрескел бұзып, «Toyota Самrу» автокөлігімен соқтығысқан.

«Тергеу мәліметі бойынша, апатқа кінәлі тұрғын теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алған. Ал бұл жолы анықталған заңсыздықтарға байланысты елдегі мамандандырылған ХҚКО-ның бәрінде тексеру жүргізіледі», — делінген ресми мәліметте.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық