jasqazaq.kz

Малын көлікке тиеп, жайылым іздеп жүр

13 сәуiр 2021, 8:46

Алматы облысындағы Жамбыл ауылының тұрғындары малдарын көлікке тиеп, жайылым іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауылда мал бағатын жер жоқ деген Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы көрші ауылға мал жаю үшін оны әупірімдеп көлікке тиеп, жіберіп жатыр. Көлік иесі әрбір мал басына 2 мың теңгеден алады. Ауыл халқы үшін бұл қып-қызыл шығын. Тіпті мал алысқа барып жайылса, оған төленетін төлем де көбейеді.

«Жұрттың малдарын тиеп, жайылымға апарамын. Рейсіне 20-25 мыңнан аламын. Ауылдың кісілерінен көп алмаймын. Әйтпесе ол 60-70 шақырымдық жер», — деді Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Әжен Ахунжан.

Әкімдіктің мәліметінше, Жамбыл ауылы бойынша 850 бас ірі қара, 2,5 мың қой, 200-ден аса жылқы бар. Ал жайылымдық мың жарым гектарға жуық. «Бірақ мал басының өсуіне байланысты жер жетпей жатыр. Мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», — дейді олар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде