jasqazaq.kz

Малидегі әскери төңкеріс: Президент пен үкімет басшысы қамауға алынды

25 мамыр 2021, 11:25

24 мамырда Малиде әскерилер елдің уақытша президенті Ба Ндау мен үкімет басшысы Моктар Уанды тұтқындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Малидегі әскери қызметкерлер елдің уақытша президенті мен премьер-министрін тұтқындап, оларды астана маңындағы Кати әскери базасына жеткізді. Президент гвардиясы президентті қорғаудан бас тартты, әскерилердің оны алып кетуіне мүмкіндік берді, — деді дереккөз РИА Новостиге.
Өтпелі үкімет мамыр айында отставкаға кетті, ал уақытша президент кабинет басшысына жаңа үкімет құруды тапсырды. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталғаны дүйсенбіде белгілі болды. Оның құрамына ішкі қауіпсіздік министрі Модибо Коне мен қорғаныс министрі Садио Камара кірмеді. Олардың орнынан неге алынып тасталғаны айтылмады, бірақ бұл қадам өтпелі үкімет ішіндегі алауыздықты ушықтырып жіберді. Уақытша президент пен премьер-министрдің қамауға алынуы үкіметтің бұрынғы құрамының жаңалануына жауап болуы мүмкін.

Малидегі бүлік 2020 жылы 18 тамызда Бамако астанасына жақын әскери базада басталды. Көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министр Бубу Сиссаның қамауға алынғанын жариялады. Кейінірек президент парламент пен үкіметтің отставкаға кететінін және таратылатынын мәлімдеді.

Малидің әскери күштері саяси көшбасшылармен және азаматтық қоғам өкілдерімен келіссөздерден кейін 12 қыркүйекте елдегі «өтпелі кезеңнің негізгі заңы мен жол картасын» бекітті. Тараптар өтпелі кезең 18 айға созылады деп шешті. Бұрынғы қорғаныс министрі, отставкадағы полковник Ба Ндау өтпелі кезеңде ел президенті болып тағайындалды. Бұрынғы сыртқы істер министрі Моктар Уан премьер-министр болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия