
12 мамырға қараған түні Малиде әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бұл туралы елдің Аумақтық басқару және орталықсыздандыру министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды RT арнасы.
«12 мамырға қараған түні Малидегі бір топ антипрогрессивті офицерлер мен кіші офицерлер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Бұл әскерилерді Батыс мемлекеті қолдады», — делінген министрліктің әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде.
Министрлік мәліметінше, төңкеріс жасау әрекетінің жолы уақытында кесілген.