jasqazaq.kz

Малайзияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

21 желтоқсан 2021, 10:54

Малайзияның батысындағы қатты су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, 67 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Бұл туралы BERNAMA агенттігі хабарлады. Ең көп зардап шеккендер мен қираулар халық тығыз орналасқан Селангор штатында байқалды, адам өліміне әкелген ауыр шығындар Паханг штатында да тіркелді. Малайзия Премьер-Министрі Исмаил Сабри Якоб су тасқыны салдарынан қираған инфрақұрылым мен тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 100 миллион ринггит (23,6 миллион доллар) бөлінетінін жариялады. Сондай-ақ, ол апат салдарынан зардап шеккен әрбір отбасы мың ринггит (236 доллар) көлемінде өтемақы алатынын айтты. Жергілікті метеорологиялық қызметтердің бағалауынша, Малайзияның батыс бөлігінде бір аптаға жуық жауған жауын соңғы 100 жылдағы ең ауыры болған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр