jasqazaq.kz

Мал ұрлығы үшін жаза қалай қатаңдатылады?

26 желтоқсан 2019, 12:58

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне «Мал ұрлығы» деген арнайы бап енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді. Марат Ахметжановтың сөзінше, бұл қылмыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда жаза қатаң болмақ. «Жалпы бұл норманың маңызы зор. Төрт түлікке қол сұғу — ауыл адамдарының күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазір мал ұрлау — кәсіпке айналған. Оны көбіне топ болып, алдын ала сөз байласып қора-жайға кіріп, бұзып жасайды. Ондай ұрлықтар ұйымдастырушы, қасапшы, тасымал жолдары, жалған құжат жасайтындар базарда алып-сататындар бар. Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқорлық жасайтын шенеуніктер мен құқық қорғау органдары да бар. Оның барлығы жүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті», — дейді Ахметжанов. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, енді бұл бап заңда теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс деген болмайды. «Заң жобасында жай құрам бойынша — қомақты айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер адамдар топ болып, алдын ала сөз байланысу арқылы ірі көлемде қылмыс жасаса — 7 жылға дейін, бірнеше рет немесе мал қораға, қоймаға кіру арқылы жасалса — 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасалса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр», — дейді Марат Ахметжанов.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде