jasqazaq.kz

Мал ұрлаумен айналысқан ағайынды барымташылар ұсталды

25 сәуiр 2020, 15:43

Батыс Қазақстан облысы аумағында мал ұрлаумен айналысқан ағайынды барымташылар ұсталды.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, департаменттің криминалдық полиция және Ақжайық ауданы полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 1978, 1982 және 1987 жылғы ағайындылардың ұйымдасқан қылмыстық тобы әшкереленді.

Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігіне сәйкес үш эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің мекенжайынан сондай-ақ аңшы және атыс қаруы, оқ-дәрілер мен пышақтар табылды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес тергеу жүргізілуде.

Қазіргі таңда ақ-адал малы қолды болған барлық жәбірленушілер анықталуда. Жоғалған жылқылар осы үйір ішінен табылған жағдайда иелеріне қайтарылады.

«Әлеуметтік желілерде аталған іс бойынша шындыққа жанаспайтын мәлімет тарауда. Осыған байланысты көрінеу жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткім келеді. Карантин кезінде жәбірленушілердің полиция бөліміне барып жүруінің қажеті жоқ. Полиция қызметкерлері өздері барып, тергеу амалдарын жүргізетін болады. Күні бүгін табылған малдардың бәрін Ақжайық ауданы полиция бөлімі жергілікті әкімдікпен бірлесіп бағу және сақтау жұмыстарын қолға алды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі