jasqazaq.kz

Мал ұрлауды кәсіп қылғандар қолға түсті

19 мамыр 2020, 17:24

Алматы облысында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Алдын алу және мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында Алматы облысы аумағында 18 мамырдан бастап «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында облыс аумағында мал ұрлығының 7 дерегі тіркеліп, олардың барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұған дейін жасалған мал ұрлығына қатысты 12 қылмысты әшкере қылды. Қолды болған 8 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Мал ұрлығын кәсіп қылды деген күдікпен 20 күдікті тұлға ұсталып, 3 қылмыстық топтың жолы кесілді. Іс-шара барысында 24 ет және мал өнімдерін сату орындары тексерілді. 58 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексеріліп, малдың қауіпсізідгін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал және ет өнімдерін тасымалдаушылардың 6 көлігі тексерілді.

Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алуға бағытталған арнайы шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал мал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес берді. Өйткені, уақыт өтіп кетсе, барымташыларды анықтау қиынға түсетіні анық.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі