jasqazaq.kz

Мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

02 маусым 2020, 17:07

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлау тобын қылмыс үстінде ұстады.

Жеңіл автокөліктің салонынан қылмыс қарулары, яғни тіркелмеген патрондарымен атыс ойық карабині, балталар мен пышақтар тәркіленіп алынды, сондай-ақ автокөліктің жүксалғыш бөлігінен жылқының тұтас еті табылды.

25 және 42 жастағы екі сыбайлас Жарма ауданының тұрғындары еркін жайылымнан ұрланған жылқыны атып, оны бірнеше бөліктерге бөлшектегені анықталды, бұл ретте жылқының терісін сыпырып алмай, тек басы мен аяқтарын ғана кесіп, жылқыны автокөліктің жүк салғышына салған.

– Тергеу барысында олардың Семей қаласы, Жарма, Бесқарағай және Аягөз аудандары аумағында 13 мал ұрлау фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мал иелеріне төрт миллион теңгеден астам шығын келтірілген, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, Жарма ауданы полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мал ұрлау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты тергеу шаралары жүргізіледі, сондай-ақ олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия