jasqazaq.kz

Мал табамын деп барып, нан таба алмай қайтты (видео)

22 тамыз 2020, 9:51

Шымкенттік бір топ азамат, Біріккен Араб Әміррліктеріне мал табамын деп барып- нан таба алмай қайтыпты. Оған, олар арабтарды емес, жергілікті туристік компанияны айыптап отыр. Келісілген ақшаға қажетті жағдай жасалмаған және уәде етілген жұмыс берілмепті. Сөйтіп әр қайсысы 2,5 мың АҚШ долларынан қағылған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Виктор ТКАЛИЧ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Туристік фирма шетелде қызмет көрсету саласы бойынша бес түрлі жұмыс бар деді. Жалақысы 1,5 мың доллар, жатын орыны мен тамағы тегін, деді. 1 200 доллар мен 85 мың теңгені санап бердім. Ақпанның 6-сы үш адам ұшып бардық. Артынан тағы төрт жігіт келді. Бірақ не жұмыс жоқ, не ас жоқ. Екі ай бос жатып қайтты.

ГҮЛЧЕХРА САИДОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл саған Корея емес, бұл Дубай. Дубайда 28 күн ішінде табамыз жұмысты, гарантия»,-, деді. Гарантия қағаз жазып бересіз ба десек, жоқ деді. Мен ауызша айтып жатырмын, «Ондай еш жерде жазып бермейді»- деп айтқан тұғын. Біз келісіп, ақшаларын беріп, мен март айында ұшып кеткенбіз. Ол жақа барып төрт күн Роял гостиницада тұрғанмын.

Ал туристік фирманың заңды өкілі ешкімді алдағанымыз жоқ деп отыр. Фирма, өзіне жүктелген міндетті келісім-шартқа сай толық орындапты.

Зухра АРЗИЕВА, ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ:

Ресми түрде жұмысқа орналастыратын құзыретіміз жоқ. Мен заңды жақсы білемін. Ал, «Жұмысқа тұруға жәрдемдесу», деген мүлдем бөлек. Біз оларға жұмыс табуға көмектесеміз дедік. Менің ұлым оны Әмірлікте бірнеше жерге жұмысқа апарған. Ол ешқайсысын жаратпапты. Кейіннен, Виктор деген азамат «машина сатумен айналысамын» деп кеткен. Келісілген 28 күн ішінде елге қайтпай, сәуірдің ортасына дейін жүріп алған өзі. Мейлі, арыздана берсін. Менің құжаттарым түгел. Бәрі заңды.

Дәл осы фирмаға «Алдандық», деген жеті азамат бар. Бірақ олар әлде қайда көп болуы мүмкін, дейді арнамызға шағымданғандар. Тақырға отырғандардың алды полицияға арызданды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия