jasqazaq.kz

Мал бағуға шыққан 6 жасар бала көпірден құлап, суға батып кетті

24 тамыз 2020, 13:40

Түркістан облысы, Шардара ауданында мал бағуға шыққан жасөспірім көпірден құлап, Қызылқұм каналына батып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бүгін таңертең сағат 09:20-да ауданның сол жағалау елді мекенінен 1 шақырым жерде орналасқан Қызылқұм магистралды каналында болған. 6 жастағы Айдос есімді бала мал бағып жүріп, абайсызда биіктігі 3 метр болатын, қоршаусыз тұрған көпірден құлап кеткен. Ені 50 метр ал тереңдігі 2,5 метр болатын каналға батып кеткен баланы сол маңдағы жеткіншектер құтқарып алмақ болған. 9 жастағы Жанболат Рахатұлы есімді бала суға секіріп, оны сол маңда жүрген жергілікті тұрғындар құтқарып қалған. Досын құтқарамын деп өзі суға батып кете жаздаған бала дереу ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалауда.

«Қызылқұм каналына батып кеткен баланы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құтқарушылары және Шардара аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері іздестірген. Оларға ауыл тұрғындары да қолғабыс етіп, 15 адам 1 жүзу құралымен көмек көрсеткен. Нәтижесінде 6 жастағы баланың денесі сол маңда табылып, судан шығарылды», делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде