jasqazaq.kz

Мақтаралдық келіндер референдумға қатысушыларға тосын сый жасады

05 маусым 2022, 17:35

Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының келіндері референдумға қатысушыларға тосын сый жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұлттық киіммен референдум учаскесіне келген келіндер иіліп сәлем беріп, дастархан жайды. Өздері пісірген тағамдар мен өсірген жеміс-жидектерді қатысушыларға таратты.

«Бізге мұндай іс-шараны ұйымдастыруға үлкен әжелеріміз мұрындық болды. Қазақтың әйелдері қашан да мемлекет ісіне, елдің тағдырына ерлермен иық тіресе отырып араласқан. Бүгінгі саяси науқан кезінде елдің болашағына алаңдаған әйел, көп балалы ана ретінде үйде бейжай отыра алмадық», — дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы ауылда бір топ ақ жаулықты әже референдум учаскесіне ұлттық киіммен келіп, шашу шашқан болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде