jasqazaq.kz

Мақтаралдағы біраз ауыл көшіріледі (видео)

05 мамыр 2020, 21:02

Түркістан облысында су басқан кейбір ауыл басқа орынға көшірілетін болды. 100 пайыз су астында қалған Жаңатұрмыс пен Жеңіс елді мекендерінде енді тұруға болмайтынын айтқан жергілікті тұрғындар, ауыстыруды өздері ұсыныпты. Қазір өзге де ауылдарға су келмес үшін бөгеттер орнатылып жатыр. Ал бір түн ішінде бірнеше ауылды жайпап, телегей теңізге айналған су деңгейі бүгін төмендей бастаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мақтаралдағы суға кеткен ауылдар көшірілетін болды. Бәрі емес. Әзірге толық қызыл су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс ауылы басқа жерге салынуы тиіс. Облыс басшылығының есебінше, қос ауылда 180-ге жуық үй зардап шеккен. Сондай-ақ суда тұрған мектеп, фельдшерлік нысандар мен балабақшаларды да жаңадан салу жоспарлануда. Ал, ауылдардың орнын ауыстыруды әкімдікке тұрғындардың өзі ұсыныпты. Дегенмен жергілікті билік «жазбаша рұқсат керек» деп отыр.

Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

— Мақтарал ауданында бос жер жоқ, халық тығыз орналасқан. Сол мәселерді қазір қарастырып жатырмыз. Негізі Жеңіс және Жаңатұрмыс тұрғындарынан ұсыныс түскен. Сол ауыл тұрғындарынан 70 пайызы жазбаша келісім болуы керек. Өйткені қазір эмоциямен айтып қалған шығар, ертең «ойбай, көшпейміз, ата-бабамыздың жері, зираты» дегендей, солай десе, біз ештеңе істей алмаймыз.

Мақтарал ауданында қауіпті аймақта орналасқан 10 елді мекеннің 5-уі су астында қалды. Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылындағы 600-ге жуық баспанада енді өмір сүру екіталай. Алты мыңнан астам адам үйсіз қалды. Суға кету қаупі бар тағы 5 елді мекенде бөгет тұрғызылып жатыр. Биліктегілер оған техника жіберіп, бар жағдайды жасап жатырмыз десе де, ел өз қотырын өзі қасып жатқанын айтады.

— Мына ауылдың жанында су басуға сәл-ақ қап тұр. Төрт күннен бері күніге көтеріп жатырмыз бір метрден. Әзір мынаны ұрып кетсе, Қоғалы судың астында қалады. «Даурықпа, дүрбелең шығарма» дейді. Ертең су басып біткеннен кейін, дүрбелеңнің көкесі сонда болады. Міне, қараңыз, осыны жеткізетін техника жоқ. Соны ұйымдастырып бере алмай жатыр.

Ал әкімдіктегілер жағдай тұрақталып жатқанын айтады. Мәселен, әуелде эвакуацияланған 31 мыңнан астам адамның үйіне су келмеген 17 мыңы кешеден бері өз үйіне қайтып жатыр.

Эвакуациялық бекеттерде қалған оқушылар ертеңнен бастап қашықтықтан оқуды бастайды. Ол үшін Мақтаралға оқулық құралдарын жүк көлігіне тиеп, жөнелтіп жатыр екен. Әкімдік: «Су ақырындап кете бастады» — деп сүйінші сұрауда. Яғни, қызыл су басқан ауылдардың бірінде су деңгейі екі сантиметр азайса, кейбірінде 6 сантиметрге дейін төмендеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде