jasqazaq.kz

Мақтаралда 3000-ға жуық үйдің ауласын су басты

17 наурыз 2022, 13:27

Түркістан облысы Мақтарал ауданында 3000-ға жуық үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақтаарал ауданында толассыз жауып жатқан жаңбырдың салдарымен күрес әлі тоқтамған жоқ. Қазір өңірде барлығы 214 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.

«Тұрғын үйлердің аулаларын су басу жағдайы өте көп тіркелуде. Штаб барлық тұрғын үйге бірдей көмек көрсетуі физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Ең бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты аналары бар отбасыларға көмек көрсетудеміз. Осыған байланысты барлық аудан тұрғындары, кәсіпкерлерді, ерікті азаматтарды орын алған жағдаймен бірігіп күресуге шақырамын», — дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Жалпы ауданда 3 мыңға жуық үйдің аулаларын су басу жағдайы тіркелген. Бүгінге дейін жергілікті әкімдіктердің және облыстық, аудандық төтенше жағдай қызметкерлерінің тәулік бойы атқарған жұмыстарының нәтижесінде 15501 куб жаңбыр суы тартылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде