jasqazaq.kz

Мақтарал тұрғындары 30 автобуспен қауіпсіз жерге тасымалдануда

05 мамыр 2020, 11:43

Мақтарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысындағы барлық қажетті техникалар апат болған ауданға жұмылдырылуда.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен 30 автобуспен тұрғындар қауіпсіз аймақтарға тасымалдануда. Атап айтқанда, төтенше жағдай қалыптасқан аймаққа Мақтарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус жеткен.

Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша автобустар жұмылдырылатын болады. Сонымен қатар, ауданға жол саласы бойынша 65 арнайы техника жеткізілген. Мәселен, 28 «хова» жүк көлігімен инертті (құм, шағалтас) материалдар тасымалданып жатыр. Бұдан өзге су басу қаупі бар аймақтарға 35 адам жұмылдырылып, бөгеттер жасауға қолғабыс еткен.

Өз кезегінде «Қазавтожол» ЖШС-і төтенше жағдайға 8 жүк көлігін, 2 трактор, 1 автогрейдер, 1 жүк артушы көлігі мен 10 жұмысшыны жіберген. Мекеме тарапынан 550 текше метр топырақ жиналып, бөгеттер үшін 2000 қап дайындалған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде