jasqazaq.kz

Мақтарал мен Сарыағаш аудандарын бөлу ұсынылды

20 ақпан 2018, 15:22

Оңтүстік Қазақстан облысында халқы тығыз орналасқан Мақтарал мен Сарыағаш аудандарын бөлу ұсынылды. Бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың кезекті отырысында талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен Тәжібаевтың мәліметінше, қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан аудандарды бөлу мәселесінде сең қозғалды. «ОҚО мәслиxатының кезектен тыс ХХ сессиясында қаралған ұсынысты депутаттардың барлығы ерекше ықыласпен қолдады. Енді суы шипалы өңірді Сарыағаш және Келес, ал мақталы аймақты Мақтаарал, Асықата, Жетісай аудандары деп қайта құру ұсынылып отыр. Әрине, Елбасының Жарлығы шыққаннан кейін ғана ресми түрде бөлінгенін айта аламыз»,-дейді Бейсен Тәжібаев. 1997 жылы 24 сәуірде сол уақыттың талабына сай біріктірілген аудандардың енді өз алдына жеке шығуы заманның сұранысына орай жүзеге асуда. «Бүгінде Мақтаарал ауданында 304 мыңнан аса, ал Сарыағаш ауданында 327 мыңнан аса адам тұрады. Екі аудан да Өзбекстанның 10 ауданымен шектеседі. Айтпақшы, «Мақтаарал» атауындағы қалып кеткен «а» осы жолы қосылып, олқылықтың орны толғанына да тоқталмай кетуге болмас. Сонымен, сәтін салса оңтүстіктегі аудан-қалалардың саны 18-ге жеткелі тұр», — деп түйді сөзін облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды