jasqazaq.kz

Мақтарал ауданында карантин күшейтілді

18 қантар 2021, 12:54

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді. Қаулыда көрсетілген талаптар қатаң сақталуы талап етіледі. Және коронавирустық инфекция мен пневмонияның вирустық түрі анықталған азаматтар, үйлерінде оқшауланған отбасылар 14 күндік карантин режимін бұзуға жол бермеуі қажет. Бұл жөнінде аудан құрамында құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен тұратын жедел мобильді топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын атқарады. Карантин тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік шара қарастырылып, бекітілген көлемде айыппұл салынады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия