jasqazaq.kz

Мақтарал ауданында 21 шақырым жерге бөгет тұрғызылды

08 мамыр 2020, 13:44

Түркістан облысында су басқан Нұрлы жол, Ырысты, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 миллион м3 су сорылды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша бөгет тұрғызылды. Сондай-ақ 85 мың қап төселіп, суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралы, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, басқа ұйымдар мен еріктілер көмектесіп жатыр», — делінген ТЖК хабарламасында.

Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокбекет қойылды.

Сонымен қатар, су басқан Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Жеңіс ауылының тұрғындары туыстарының үйінде және Мақтарал ауданында құрылған 10 эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр. Эвакуациялық пунктерде 2 700-ден астам адам бар.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі