
Алматы полициясы Әл Фараби көшесінде жол ережесін өрескел бұзған адамды тауып тергеді. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлады.
20 жастағы жүргізушіге жол ережелерін бұзудың бес фактісі бойынша айып тағылды. Ол көлігімен жолда қарсы бағытта жүргені үшін алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Жігіт кінәсін мойындап, істегеніне өкінетіндігін жеткізген. Оны полиция қызметкерлері видеоға түсіріп алған.
«Құрметті отандастар, Әл Фараби даңғылында жасаған қателігім үшін сіздерден кешірім сұраймын және оны ешқашан қайталамауға уәде беремін, ешкімге қателіктерімді қайталауға кеңес бермеймін», – дейді жүргізуші.
«1998 жылы туылған жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. 590-баптың 1-тармағы бойынша, ол 1 қазан күні Әл Фараби көшесінде Land Cruiser Prado көлігімен нөмірсіз жүргені үшін, тағы осы секілді 28 қыркүйекте Lexus автокөлігімен нөмірсіз жүргені үшін хаттама толтырылды. Үшінші хаттама қарсы бағытқа шығып кеткені үшін, төртіншісі жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтамай шанамен жүрген. 5-ші хаттама, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін толтырылған. Толтырылған хаттамалардың барлығы сотқа жіберілді. Ол жүргізуші куәлігінен айырылады. Жүргізуші барлық тағылған айыптармен келісіп отыр», – деді Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram