
Әнші, «МузАрт» тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаев өнері мен өмірі туралы көпшілікті қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бағдарлама барысында жүргізушінің сұрақтарына жауап берген Базарбаев өзін «МузАрттан» неге кеттің?» деген сұрақ шаршатқанын айтты.
Жүргізушінің өміріндегі ең үлкен өзгеріс туралы сұрағына Мақсат Базарбаевтың берген жауабы мынадай.
«Өмірімдегі ең үлкен өзгеріс – 10 жылдан кейін дүниеге келген сәбиім», – дейді әнші.
Жауап беру барысында әнші МАИ қызметкерлеріне ұсталып қалған кезде танымалдығын пайдаланатынын жасырмады.
Сондай-ақ, Базарбаев болашақта продюсер болуы мүмкін екенін айтып қалды.