jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналистке: 35 жыл сахнада ерігіп жүрмедік

05 наурыз 2018, 11:22

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «ерке қыз» атанған әнші Мақпал Жүнісова отандық басылымдардың біріне сұхбат беріп, өнер иесін «әншілер қатарына жатқызбаймын» деген белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіттің сынына жауап берді.

Әнші Мақпал Жүнісова журналиске қатысты пікірін өзінің Instagram парақшасында жазған.

Онда эстрада жұлдызы «35 жыл сахнада ерігіп жүрмегенін» алға тартып, қаламгерді сынға алған.

«Өмірзақ Ақжігіт деген кім? Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова әнші емес деп ютуб желісіне салыпты, атың шықпай жүр екен, 8 март қарсаңында апаларыңды жақсы құттықтадың, 35 жыл сахнада ерігіп жүрмедік», — деген әнші журналистің пікіріне қатысты жауап берген.

Сондай-ақ, ол «құрту керек Мақпалды» деген желі қолданушыларының да пікірін сынап, ондайларды «Аллаға тапсырдым» деген.

«Құрту керек Мақпалды деп бір-екі албастылар жазыпты, сендейлерді Аллаға тапсырдым, Елбасына жазсаңдаршы, Халық артисін неге бердіңіздер деп, мүмкін жауап аларсың», — деп аталған сұхбатқа қатысты пікір білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін отандық ernur.kz басылымына сұхбат берген белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт отандық эстрада өнеріне қатысты тың пікір білдіріп, онда тіпті, «Мақпал Жүнісованы әнші деп есептемеймін» деп жайып салған еді.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде