jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова: Неге кредит аласыңдар?

24 сәуiр 2019, 11:53

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова жақындары алған несиені жауып жүргенін мойындады. Халықтың ерке қызы ішерге асың болса, несиеге байланудың қажеті жоқ екенін алға тартты.

«Менің алып жатқан туысқандарым бар. Олар алады, мен жабамын. Екі-үшеуі алды, оны жауып бердім. Сосын алмаңдар деп айттым.    Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның бар ма, шайың бар ма, жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба, соған Құдайға шүкір деңдер», -дейді Мақпал Жүнісова.
Эстрада жұлдызы көпшіліктің несиеге не үшін қызығатынын да жайып салды.

«Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Көлік мінемін дейді. Содан кейін сол кредитті жаба алмай, үйінен айырылып қалып жатыр. Байлыққа қызығып, мен де мінуім керек, мен де шуба киюім керек, мен де бриллиант киюім керек деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай қызығы жоқ», -деді ол.

NUR.KZ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда