jasqazaq.kz

Fly Arystan: Мақпал Жүнісова домбыра үшін тағы да ұшаққа билет сатып алды

06 қараша 2024, 15:22

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова FlyArystan ұшағына домбырасын алып кіре алмады. Сол үшін билет сатып алуға мәжбүр болған. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Байқасаңыздар, билетте не аты, не жөні жоқ, бірақ оның құны 59 мың теңге», — деді Жүнісова. Ол мұндай жағдаймен үшінші рет кездесіп отырғанын айтты.

FlyArystan әуе компаниясы осы жәйтке қатысты мынадай түсініктеме берді:

«Бүгін Қазақстан Республикасының халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшатын Семей-Алматы бағытындағы KC7152 рейсінде жолаушы музыкалық аспапты тегін тасымалдау мәселесін тағы да көтерді. Тегін тек 5 келі жүкті алып жүруге болады. Максималды өлшемдері 56х23х36 см. Ақылы 10 келіге дейін ұлғайтуға болады, бірақ саны мен өлшемдері өзгеріссіз қалады. Кез келген қол жүгі, соның ішінде музыкалық аспап, барлық бөлшектерімен (орауы, қорапшасы және т.б.) стандартизаторға салынуы керек».

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

JQ-Aqparat

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова