jasqazaq.kz

МакГрегор жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

07 қазан 2018, 21:26

Ирландық боксшы Конор МакГрегор (UFC) абсолют күрес чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жек күтетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жақсы жекпе-жек. Реваншты күтемін. Мен қайта ораламын», — деп жазды ол Twitter әлеуметтік парақшасында.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды. Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Сондай-ақ, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты. Ресейлік спортшы ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірді. Ал UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала Конормен шайқаса кетті. Тәртіп сақшылары жағдайды реттеп, екі спортшыны алаңнан алып шығуға асықты. Жаппай төбелеске қатысты UFC шешімі қандай болатыны белгісіз. Бұған қатысты ұйым алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады. Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді