jasqazaq.kz

Макгрегор Головкиннің соңғы айқасындағы төрешінің күйеуіне шүйлікті

02 қазан 2017, 10:59

Екі салмақ бойынша UFC чемпионы Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен болған кездесуінде рефери болған Роберт Бердке шүйлікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Макгрегор Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасында дәл осы Роберттің зайыбы Аделайда Берд төрешілердің бірі болғанын еске салды. «Роберт Берд — Аделаида Бердтың күйеуі. Осымен-ақ бәрі айтылып тұр. Біз шаршы алаңға (Флойд Мейвезермен — авт.) шыққан кезде рефери ережелерді түсіндіре бастаған. Бір қызығы, Берд тек маған қарап айтарын айтып тұрды. Мен оның көзқарасынан тек маған көз салып тұрғанын, Флойдқа мүлде қарамағанын байқадым. Мен оған: «Ағасы-ау, ол да төбелеседі. Оған да ережелерді түсіндіріп қойсаңшы» дегім келді», — дейді UFC чемпионы. Макгрегордың айтуынша, екі қарсылас клинчке келіп, бір-бірімен жақын қалғанда рефери Флойдты суырып алып шыққанын қоймаған. «Меніңше, айқас ертерек аяқталып кетті. Егер оған дейін бірде-бір нокдаун болмаса, кездесуді уақытынан бұрын қалай аяқтауға болады? Бұдан бір раунд бұрын ғана мен Флойдты бүйірден ұрып, құлата жаздаған едім», — дейді ол. UFC чемпионы сонымен бірге, Головкин мен Альварестің айқасын да айналып өтпепті. «Қазір ойланып отырсам, реферидің әрекеті маған біртүрлі көрінеді. Әсіресе, Аделайда Бердтің Головкин мен Альварестің айқасы бойынша оқиғасы мені ойландыра түседі. Роберт пен Аделайда — ерлі-зайыпты адамдар. Мен айқасты қайта көрген кезімде күдігім күшейе түсті. Ол неге нұсқауды Мейвезерге қарап түсіндірмеді. Маған неге шүйлікті? Әу бастан-ақ маған деген қарсылық бар еді», — дейді Макгрегор.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде