jasqazaq.kz

Майра Ілиясова: «Күйеуіме өзім іздеп тоқал алып бердім» (Видео)

26 қазан 2021, 10:48

Елімізге танымал әнші, продюсер Майра Ілиясова өз еркімен жолдасына тоқал алып бергенін жасырмай баяндап берді.

Бұл туралы әнші «Менің өмірім» бағдарламасына келіп сұхбат берді.

Әншінің айтуынша, күйеуіне тоқал алып беру туралы өзі ұсыныс жасаған көрінеді.

«Мен Бақытжанға айттым. Сен ұл жақсы көресің ғой. Саған тоқал іздеп тауып, алып берейін ол ұл тауып берсін. Мен үлкен үйде бәйбіше болып-ақ отырайын. Тоғжанға (қызы — ред) бауыр керек деп үгіттедім. Рұқсатымды бердім дедім. Ол көнбеді содан бірге тұрамыз жарайды деп алдадым амал жоқ. Бірге отырамыз демесем көнбеуші еді.

Содан бір күні туған әпкемнің қызына айттым, сенде бойдақ жақсы құрбыларың бар ма, таныстыршы деп.Ол бар деді, біреуінің аты Майгүл, біреуі Райгүл деді.

Бір күні келді жолдасым Майра мен бір қызбен таныстым саған ұқсайды деп. Мен оның бәрін біліп тұрмын ғой енді. Бірақ ештеңеден хабары жоқ адам сияқты сөйлесе бердім. Сонымен Бақытжанды таныстырып өзін сыйлайтын, жақсы ақкөңіл Майгүл деген қызға үйлендірдік. Ол ұл туып берді. Ұлымыз қазір 10 жасқа келіп қалды»,- деп ағынан жарылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде