
Желіде алып питонның құрығына түскен маймылдың видеосы пайда болды. Өзеннен су ішпек болған маймылды алып питон жемтігіне айналдырғысы келсе керек.
Ал маймылдың өмірін қайсар жасөспірім балалар сақтап қалды . Олар таяқпен алып питонды ұрып, маймылды босатып алды. Жасөспірім балалардың ерлігіне желі қолданушылары сүйсінгендерін жарыса жазды.