jasqazaq.kz

Маймыл шешегін жұқтырғандар саны, тіпті көп болуы мүмкін

27 шiлде 2022, 10:58

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Розомунд Льюис Женевадағы брифингте сөз сөйлеп, тиісті топ өкілдері арасында тиімді шараларды жүзеге асырған кезде маймыл шешегінің таралуын тоқтатуға болатындығын айтты. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Доктор Льюис бүгінде қауіпті емес аймақтарда жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін аурудың өршуін тоқтату керек екенін атап өтті.

«Биыл 16 мың инфекция анықталды, бірақ жағдайлардың нақты саны бұдан да жоғары болуы мүмкін. Конго Демократиялық Республикасында мыңдаған адам маймыл шешегі ауруына күдікпен жүгінді, бірақ тестілеу мүмкіндігі шектеулі. Расталмаған жағдайлар жаһандық статистикаға кірмейді», — деп түсіндірді Розомунд Льюис.

Сондай-ақ, ол ауруға шалдыққандар арасында 81 жасқа дейінгі 17 бала бар екенін айтты. Көптеген жағдай жігіттер арасында анықталды. Науқастардың орташа жасы — 37 жас. Маймыл шешегі ауруы адаммен тығыз физикалық байланыс арқылы беріледі. Сондықтан, ауру киім, төсек-орын, сүлгілер мен ыдыс-аяқтар арқылы таралуы мүмкін. Осы жылға дейін вирус негізінен Африкада таралды, онда ол эндемикалық болып саналатын.

«Қазіргі таңда бірқатар елде ерлермен сексуалдық байланысқа түсетін ер адамдар арасында кеңінен таралып отыр. Стигматизация мен дискриминация вирустың өзі сияқты қауіпті болуы мүмкін екенін түсіну қажет», — деді ол.

Таяуда ДДСҰ маймыл шешегін әлемдік ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр