jasqazaq.kz

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды

29 қараша 2020, 12:31

15 жылдан кейін кәсіпқой рингке қайта оралған бокс аңызы Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Рой Джонс арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 раундқа созылған жекпе-жекте Майк Тайсон айқын басымдық таныта білді. Айқас соңына дейін ауыр соққылар бағыттап, өте жақсы физикалық жағдайын көрсетті. Ал қарсыласы Рой Джонс ауыр соққылардан сәтті жалтарып, қорғанысқа көңіл бөлді. Қорытындысында екі боксшы арасындағы айқас төрешілер шешімімен (76-76/79-73/80-76) тең нәтижемен аяқталды. Айта кетейік, 54 жастағы Майк Тайсон бұған дейін рингке қайта оралатынын жариялап, қарсылас ретінде 51 жастағы Рой Джонсты таңдаған болатын. Боксшылардың жасын ескере отырып, айқас өнер көрсету стилінде өтті. Сондай-ақ, әр раунд 2 минутқа есептелген. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Майк Тайсон өзін өте жақсы сезінетінін және қайта айқасуға дайын екенін жеткізді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық