jasqazaq.kz

Майк Помпео еліміздің коронавируспен күресіне күмән келтірді

17 ақпан 2020, 11:40


Сөйткен Майк Помпео Қазақстанға қарызға ақша беруге әзір екенін мәлімдеген. Бірақ біздің тарап одан бас тартты.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның коронавируспен күресіне күмән келтірді. Майк Помпео қарызға ақша беруге әзір екенін мәлімдеген. Бірақ еліміздің бас дәрігері вирусқа қарсы вакцина жасауға «қауқарымыз жетеді» деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Халықты қатерлі індеттен сақтауға ғалымдарымыз дайын отыр, — дейді Елжан Біртанов.

Елжан Біртанов, денсаулық сақтау министрлігі:
– Білім және ғылым министрлігі және оған қарайтын ғылыми орталықтар вакцинаны дайындауға әзір. Елімізде екпе жасауға мол тәжірибе бар. Жалпы, вакцинаны дайындау — қиын технологиялық процесс. Сондықтан екпе жасауға өзге елдің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін ойластырып жатырмыз. Қазақстан инфекцияға қарсы вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартымен жасады.
Қазақстандық мамандар коронавирусті анықтайтын тесттің тиімділігін де байқапты. Қазынадан аталмыш тест жасауға және дәрі-дәрмек, диагностикалық технологиялар сатып алуға 3 жарым миллиард теңге бөлінген.

Айта кетелік, қытайлық дәрігерлер коронавирусты емдеудің жаңа түрін ойлап тауыпты. Олар қатерлі індетке шалдыққандарға плазма құю әдісін қолдана бастаған. Ал соңғы деректерге сүйенсек, қатерлі індеттен 1448 адам көз жұмған. Әлем бойынша ауруды жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия