jasqazaq.kz

Майгүл Омарова қамауға алынды

02 ақпан 2021, 19:31


Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова құрықталды. Облыстық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан бөлек ақпараттық технология орталығының директоры Арапби Меңлібаевты ұстаған.

Бұл туралы time.kz сайты хабарлады.
Олар мемлекеттік сатып-алу кезінде қашықтан оқу үшін оқушыларға арналған ноутбуктердің есебінен қалталарын қампайтқан көрінеді. Істе үшінші күдікті- Білім басқармасының қызметкері Бақыт Абдолданов та бар. Тергеу мәліметі бойынша, 2522 техниканы сатып алу үшін бірнеше ЖК-мен (жеке кәсіпкермен) 406 млн теңгеге келісім шартқа отырған.
Қазіргі уақытта Омарова, Меңлібаев пен Абдолданов үш түрлі тергеу изоляторында отыр. Олардан пара ретінде алған 37 650 000 теңге тәркіленіпті. Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Jas qazaq — aqparat

Фото: ашық дереккөздерден

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде