jasqazaq.kz

Майғазиевтің анасы “Қалаулым” бағдарлмасының қатысушыларына тоқтау салуды өтінген

15 қараша 2017, 16:30

40-ты алқымдап, үш бала тәрбиелеп отырса да, анасы үшін Сәкен Майғазиев әлі бала! Сондықтан да әнші анасының әр сөзіне құлақ асып, айтқанын екі етпейді. Майғазиев желіде бөліскен төмендегі әңгіме осы сөзіміздің айғағы.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиев пен анасының арасындағы әңгіме елді шулатқан “Қалаулым” бағдарламасы аясында өрбіген. Анасы аталған шоуға қатысты назын айтып, оның жүргізушісі Аша Матайға сәлем айтуды өтінген.

Назарларыңызға Сәкен Майғазиевтің әңгімесін сол қалпында ұсынамыз.

– Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!

– Уағалейкумәссәләм,
Қолыңды алам,
Сүйдім балам…

– Аман-есен асыл отанымы, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?

– Әу? Әләу. Әй, ана “Қалаулымды” жәй қойшы…

– Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана “Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнәбіреу “Қалаулым” деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!”, деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?

– … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?

– Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін біле тұра, сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, “Қалаулым” ұжымына xабарласқам…

– Ым?

– “Мақсатымызға” жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?

– Өзін біл, балам.

– Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым.

Пы.Сы. Ел боламын десең экраныңды түзе.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті