jasqazaq.kz

Маханбет Құлмұхаммед Пірманұлы: Дінді дұрыс ұстану — сан алуан қылмыстардың алдын алу

13 желтоқсан 2018, 15:51

Елімізде жастарға діни білім беретін оқу орындарының негізгі қызметі жайында көп айтыла бермейді. Ал осы оқу орындарындағы тәлімгерлерге экстремистік ұйымдардың идеологиясы түсіндіріле ме? Жастарымыз жат ағымдардың әсері жайында хабардар ма осы сынды мәселелер жайында  Jasqazaq.kz  тілшісі Алматыдағы «Әбу-Ханифа медресе колледжінің» басшысы  Маханбет  Құлмұхаммед Пірманұлымен сұхбаттасты.

Ең алдымен «Әбу Ханифа медресе колледжінің» негізгі қызметі жайында, оқу орнында қандай мамандар даярланады осы туралы айтсаңыз ?

Әбу Ханифа медресе колледжі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» қоғамға пайдалы қызметтері бойынша білікті мамандар дайындайтын, орта білім денгейінің негізі болып табылатын діни білім беру ордасы. Мұнда  оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, заңды мәртебесін меңгерген, коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Медресе өз кезегінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Баланың құқығы туралы» «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Білім туралы» Заңдарын және ҚР БжҒМ нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ ҚМДБ-ның төралқа мәжілісі бекіткен Жарғысын басшылыққа алады.

Медресе Алматы қаласының Әділет басқармасында тіркелген, жарғы негізінде жұмыс жасайды. Білім беру қызметін ұйымдастыруы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Медресе  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес қызмет атқарады. «Исламтану» мамандығы бойынша діни білім берудің оқу жоспарлары бекітілген. Мәдени шаралар мен тәрбие ісінің жоспарлары жасалады.

Ұстаздардың базалық білімі, мамандану деңгейі орта діни оқу орны, яғни колледж оқытушысына қойылатын жүйелі діни білім беру талаптарына сай, алған мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді. Әрбір оқытушының өз пәндеріне арналған жұмыс оқу бағдарламасы, дербес жұмыс жоспарлары жасалған.

Медреседе кітапхана, жатақхана, асхана, оқу залдарымен қамтылған. Компьютер бөлмесі мен интернет желісі, медициналық орталық жұмыс істейді.

Оқу орнында тәлімгерлерге экстремистік ұйымдардың идиологиясы түсіндіріле ме? Осы мәселеге қатысты арнайы сабақтар оқытыла ма ?

Бүгінгі таңда дін ұстанып, оның шариғи үкімдерін орындаушылардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, жастардың діни сауатына мән беру, олардың діни тәрбие мен діни білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі стратегиялық тұрғыдан аса маңызды сала. Себебі мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін діни негіздегі әртүрлі құқық бұзушылықтардың, дін атын жамылған түрлі теріс пиғылды ағымдар іс-әрекетінің белең алуы, олардың халықты, әсіресе жастарды өз идеологиясына белсенді түрде тартуы,  жастар арасында рухани дерттердің көбеюі діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін айғақтайды. Сондықтан Медресенің оқыту жоспарына мемлекеттік стандартқа сәйкес зайырлы пәндер енгізілген. Оқытылатын барлық оқулықтар мен әдебиеттер Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы тарапынан бекітілген. Олар имам Әбу Ханифа мәзһабының ұстанымдарымен толық сәйкес. «Ақида» пәнін жүргізу барысында имам Матуриди еңбектері негізге алынады. Өзге ақида өкілдерінің көзқарастары салыстырмалы түрде түсіндіріліп, матуридилік ақидадан ерекшеліктері көрсетіліп отырады. Бүкіл адамзат тарихы дәлелдеп отырғандай, дінді дұрыс пайдалану қоғамдағы сан алуан қылмыстардың алдын алудың, сонымен қоса әр түрлі теріс пиғылды, экстремистік және террористік идеологиялардың ықпалынан сақтанудың ең тиімді тәсілі болып қала бермек.

Оқу орнында жастардың жат ағымдарға қарсы имммунитетін қалыптастыру үшін қандай шаралар қолданылады ?

Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп, бағыт-бағдар берген болатын. Осы бағыттарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен форматты шараларды көптеп ұйымдастыру бүгінгі күннің талаптарының бірі. Осыған орай медреседе жоғары білімді, білікті исламтанушылар, психологтар, педагогтар мен, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын  тиімді жүзеге асырып жатыр.  

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде