jasqazaq.kz

Мағзұм Мырзағалиев таяу жылдары таусылатын кен орындарын атады

18 ақпан 2020, 10:42

Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндіру көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы былтыр 5 қыркүйекте Атырау қаласында өткен мұнай-газ саласына қатысты кеңесте баса назар аударды. Негізі елімізде 8 мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның ішінде 317 көмірсутек, яғни мұнай, газ, конденсат кен орындары бар. Мұнан бөлек, 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны болса, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. Сонымен қатар 4 мыңға жуығы жерасты сулары кен орны бар», — деді тұжырымдаманы таныстырған министр. Оның айтуынша, бүгінгі күні бірқатар өзекті мәселе күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, моноқалалардағы тау-кен кәсіпорындарының шикізат базасының тұрақсыздығы, пайдалы қазба қорларының азаюы және «байырғы» кен орындарында өндіру көлемінің төмен деңгейге түсуі өзекті болып отыр. Мысалы, Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеуде. Осы мәселе таяу арада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да болжануда. Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан – Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихинское, Зыряновское ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып, жабылды. 2025-2040 жылдарға таман Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия